Экономикалық пәндерді оқытудың негізгі әдістері

13 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің Оқыту және оқу сапасы жөніндегі академиялық комитетінің ұйымдастырылуымен 4 наурызда «Жас оқытушылар мектебі» өз жұмысын бастады. Жас оқытушылар мектебіндегі алғашқы дәрісті «Экономика» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Тулегенова Мадина Сакеновна өткізді. Семинардың тақырыбы: «Экономикалық пәндерді оқытудың негізгі әдістері». Семинар барысында бір пәннің мысалында студенттердің сабақтағы жұмысын арттырудың негізгі нысандары мен әдістері қарастырылды. Жас оқытушыларға оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру бойынша құнды кеңестер берілді, ол тұрақты дамудың төртінші мақсатын толықтай қамтамасыз етеді (4ТДМ).