Орнықты даму мақсаттары аясында,  “90-жылдыққа түлектерден тарту: Лидерлік дәріс”

7 наурыз, 2024


“Мәдени антропология” мамандығы бойынша алғашқы PhD доктор, ҚМДБ наиб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлы
2024 жылдың 7 наурыз күні  “90-жылдыққа түлектерден тарту: Лидерлік дәріс” тақырыбы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы оқытушылары 
“Мәдени антропология” мамандығы бойынша алғашқы PhD доктор, ҚМДБ наиб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлымен  кездесу өткізді. Іс-шара ұйымдастырушылары: факультет деканы, қауымдастырылыған профессор Мейірбаев Б.Б., дінтану және мәдениеттану кафедра меңгерушісі Құрманалиева А.Д. және аға эдвайзер Мұқан Н. Аталған іс шарада Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасы,дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді.
Сонымен бірге өскелең ұрпақ арасында дәстүрлі діни сананы қалыптастырудағы тиімді және жүйелі жұмыс бойынша жаңа әдістер мен идеялар, ұсыныстар, діни сауаттылықты арттыру, жастармен жұмыс кезінде тәжірибе және арнайы дағдылар мәселелері де талқыланды. Наиб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлы студенттердің сұрақтарына жауап берді, бұл кездесуге дінтану, исламтану мамандықтарының 1-4 курс студенттері , магистранттар және доктаранттарда қатысты.