Заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қ.Самалдықовтың «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)» оқу-әдістемелік құралының тұсаукесері өтті

12 наурыз, 2024

2024 жылдың 12 наурызында Халықаралық құқық кафедрасында заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қ.Самалдықовтың «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)» оқу-әдістемелік құралының тұсаукесері өтті. Бұл оқу құралында автор қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығының Ерекше бөлімінің курсының мәселелерін қарастырған. Кітапта өзін-өзі бақылау сұрақтары бар лекциялардың тезистері, тест тапсырмалары және құқық қорғау мәселелері бойынша практикалық сабақтарға арналған тапсырмалар бар.Бұл оқу құралы барлық оқу нысанындағы заң факультетінің студенттеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және қылмыстық құқық мәселелеріне қызығушылық танытқан тұлғаларға арналған. Тұсаукесер жоғары деңгейде өтті. Әріптестер Мақсұт Көшекұлын оқулықтың сәтті шығуымен құттықтады.


 
Халықаралық құқық кафедрасы