Су ресурстарын басқару және бизнес
2024 жылдың 12 наурызында филология факультетінің №17 жатақханасында «ТМД 12. Тұтыну мен өндірудің оңтайлы модельдеріне көшуді қамтамасыз ету» тұрақты даму жобасын жүзеге асыру аясында «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының оқытушысы Беккожанова Г.К. филология факультетінде оқитын студенттердің қатысуымен «Су ресурстарын басқару және бизнес» тақырыбында ашық іс-шара өтті. Студенттер үш топқа бөлініп, қазіргі қоғамдағы өнімдерді тұтыну және өндіру мәселелерін талқылады.
Интерактивті ойындар мен топтық жұмыс студенттерге тұрақты даму мақсаттары туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оларды нақты модельдермен мен бизнес-жоспарлармен жұмыс жасауды үйренді. Әзірленген бизнес-жоспарларды қорғау тек білімнің сынағы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен ынтымақтастық қабілетін көрсету мүмкіндігі болды.
Іс-шара нәтижелері әсерлі болды: студенттер проблеманы және оны шешудің мүмкін жолдарын түсініп, қабілеттерін көрсетті. Бұл іс-шара Білім берудің әлемде оң өзгерістер жасау құралы бола алатындығының тамаша үлгісі болды.
Ұйымдастырушылар: Беккожанова Г.К.