ТДМ 4. Сапалы білім беру

25 қыркүйек, 2023

Тіл мерекесіне арналған “Тіл тағдыры – ел тағдыры” атты дөңгелек үстел “Өндірістік электроника және басқару жүйелері” мамандығының 1 курс студенттері (165 топ) мен кураторы Мейрамбекұлы Н. Ұйымдастырылуымен 330 аудиторияда 25 қыркүйекте өтілді.

Ашық сабақтың негізгі мақсаты: Студенттерді мемлекеттік тілді құрметтеуге, сыйлауға үйрету, қазақ тілінің дамуына, пайдаланылу аясының кеңеюіне үлес қосу мәселелерін талқылау.

Дөңгелек үстел барысында студенттер өз ойын ортаға салып, қазақ тілі мәселелерін талқылады. Тілді дамыту шараларын жақсарту әдістеріне қатысты ойларын ортаға салды.