ТДМ 3. "Аяла" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бару

14 наурыз, 2024

14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің деканы Бейсен Н.Ә. қолдауымен  ​"Аяла" әлеуметтік қызметтер орталығының тәрбиеленушілеріне Nestlé Food Kazakhstan демеушілерінен 25 қорап шоколад берілді. Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасы көптеген жылдар бойы орталыққа қолдау көрсетуге тырысады.

Орталық тәрбиеленушілері өз оқытушыларының арқасында көркемдік мүсіндеу, бейнелеу өнерімен айналысуға, психологиялық қолдау, массаж, физиотерапия қызметтерін алуға мүмкіндік алады. Кафедраға орталық  тәрбиеленушілері жасаған сурет сыйға берілды.