Құрметті әріптестер, 2024 жылдың 15 наурыз күні сағат 14.00-де 521 аудиторияда биотехнология кафедрасының кеңейтілген отырысы гибридтік форматта болады.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ
1. Биотехнология кафедрасының PhD докторанты Абай Жандос Сайлаубекұлының «8D05110-Вирусология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Ірі қара малдың туберкулезіне қарсы векторлық вакцина жасау технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын алдын ала қорғау
Ғылыми кеңесшілері:
1. Закария К.Д. Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі, б.ғ.д., профессор
2. Иоо Хан Санг Сеул Ұлттық университетінің профессоры, в.м.д. (Сеул, Корея Республикасы).
Рецензенттері:
1. Жугунисов К.Д. РМК «БҚПҒЗИ» ҚР ДСМ «Микроорганизмдер коллекциясы» зертханасының меңгерушісі, Ph.D.
2. Кыдырманов А.И. ЖШС «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы», «Вирустар экологиясы» зертханасының меңгерушісі, в.ғ.д.
Қорғау тілі: қазақ тілі
2. Биотехнология кафедрасының PhD докторанты Абдулжанова Малика Анварбеговнаның «6D070100 - Биотехнология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Бие сүтінің негізінде функционалды тағамды дайындау үшін пробиотиктерді полисахаридті матрицаға микрокапсулдау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын алдын ала қорғау
Ғылыми кеңесшілері:
1. Кистаубаева А.С., б.ғ.к., қауымдастырылған профессор биотехнология кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
2. Sobchy El Sokhaymy, PhD., профессор (Египет).
Рецензенттері:
1. Абдиева Г.Ж., б.ғ.к., биотехнология кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.;
2. Нармуратова М.Х., б.ғ.к., биотехнология кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Қорғау тілі: қазақ тілі
Биотехнология кафедрасы