ҚазҰУ студенттері үшін BGA мансапты дамыту орталығының қызметі қолжетімді

14 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ барша студенттерінің назарына!

BGA мансапты дамыту орталығының (Халықаралық Бизнес мектеп түлектері қауымдастығының, Лондон, Ұлыбритания) құралдары мен қызметтерін пайдалана алатыныңызды хабарлаймыз.

Бұл платформада көптеген пайдалы функциялар бар, соның ішінде:

 

  • Резюме құрастыру
  • CV360 (резюмені талдау жүйесі)
  • Халықаралық ұйымдардағы бос жұмыс орындарының тізімдері
  • Жұмыс берушінің деректер базасы
  • Мамандық, мансап бойынша кеңестер; бейне және аудио тренингтер, оқулықтар мен қызықты салалардағы жаңалықтар.
  • Мансаптық бағалау және қабілет анықтау тесттері
  • Кәсіби дағдыларға арналған электрондық оқыту – мысалы, жұмсақ дағдыларды дамыту.
  • Салалық есептер
  • Ілеспе хат жазу
  • Сұхбат симуляторы

Тіркелу үшін https://businessgraduatesassociation.com/register/  сайтына өтіңіз.

Университет электрондық поштасының орнына PYRAK2019 код сөзін жазыңыз.

Платформаны пайдалану бойынша толық ақпарат алу үшін бейне нұсқаулар: https://drive.google.com/drive/folders/1_RGqLEcFoim2T_TjaT8AbvCRpIeCIepT?usp=sharing

Қазақ ұлттық университеті Фараби бизнес мектебінің бастамасымен 2024 жылдың қаңтарында BGA Халықаралық Бизнес мектеп түлектері қауымдастығының (Business Graduates Association, London, UK) құрамына енді.