Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасынын куратор-эдвайзеры А. Е. Саденова Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын «Көрісу күніне» орай 14 орыс тобында куратолык тәрбиелік іс - шарасын ұйымдастырды. Тәрбиелік іс - шара «14 наурыз - Көрісу күні» атты тақырыпта өтті. Шара барысында шетелдік студенттер Наурыз мейрамы осы айдың 14 - інен, яғни «Көрісу» салтынан басталатыны, көрісу (яғни, қауышу) күні деп аталатыны, бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір - бірін құттықтайтыны туралы білді. Сонымен қатар «Көрісу» - тек адамдардың бір - біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай - ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс екені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмай, жыл бойы жалғаса беретіні туралы да мәлімет алды.
Одан кейін шетелдік студенттер Наурыз мерекесінің бастауы «Көрісу күні» мерекесі туралы бейнеленген бейне таспа арқылы «Көрісу күнін» атап өту дәстүрлерімен танысы. Іс - шара жиналған шетелдік тыңдаушылардың көңілін көтеріп, алдымызда көктем мен «Ұлыстың ұлы күні» – әз Наурыз мерекесі де келе жатқандығын еске салды.