«Білім беру бағдарламаларын Тізілімге енгізу» атты вебинар: №4 «Сапалы білім» тұрақты даму мақсатына жету жолында

14 наурыз, 2024

Тұрақты дамуға ұмтылу және білім сапасын арттыру шеңберінде 14 наурыз 2024 ж. Ғылыми комиссия мүшелеріне, факультет декандарының орынбасарларына және білім беру бағдарламаларының үйлестірушілеріне арналған вебинар өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты қатысушыларды Тізілімге жаңа және жаңартылған білім беру бағдарламаларын тіркеу процесі туралы ақпараттандыру болды. Вебинарға қатысушылар білім беру бағдарламаларын үйлестіруге қатысты мәселелермен танысты. Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру барысында туындайтын кейбір проблемалық мәселелерді шешу жолдары айқындалды. Вебинарда қарастырылатын негізгі аспектілер:

• Білім беру бағдарламаларын іске асыру мәселелерін білім беру бағдарламаларының конструкторлық бюросының жетекшісі Гүлмира Есенбекқызы Әмірбекова көтерді.

• Жаңа және жаңартылған білім беру бағдарламаларын Тізілімге енгізу ережелерін білім беру бағдарламаларын әзірлеу бөлімінің бас маманы Қаражанова Айгүл Асқарқызы атап өтті.

• Білім беру бағдарламаларын әзірлеуде кәсіби стандарттарды қолдану мәселелеріне журналистика факультетінің аға оқытушысы Рожков Александр Викторович шолу жасады.

• Білім беру бағдарламаларын жобалау бөлімінің сарапшы-кеңесшісі Дусенбина Инна Артуровна кәсіби стандарттар туралы ақпараттандыру мәселелері бойынша сөз сөйледі.

• Қорытындылауды департамент директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мусинова Асель Ахметқызы жүргізді.

Сонымен қатар, семинарға халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылары білім беру бағдарламасының координаторлары Аида Тілектесқызы Еримпашева мен Лязипа Алекеновна Медуханова белсенді қатысты. Бұл шара сапалы білім беру және тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы маңызды қадам болып табылады.