ҚазҰУ студенті В.Зябкина Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

11 шілде, 2015

ҚазҰУ студенттері Кванджу қаласындағы (Оңтүстік Корея) Бүкіләлемдік Универсиадада жақсы өнер көрсетіп жатыр. Жеңіл атлет Виктория Зябкина 200 метр қашықтыққа жүгіруден екінші алтынына ие болды.

Виктория АҚШ спортшысы Акейла Митчелл мен Ямайка өкілі Кедишу Сабрину Далластан озды.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын В.Зябкина 100 метр қашықтықта жеңімпаз атанған. Сонымен қатар, ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин 100 метрлік қашықтықтағы жүзуде алтын, ал 50 метрлік қашықтықта қола алқаға ие болды. Осылайша, ҚазҰУ студенттері 3 алтын және 1 қола медальға қол жеткізіп, Қазақстанды жалпыкомандалық есепте 11-ші орынға көтерді.

Баспасөз қызметі