"Кампустағы Кампус" жобасының аймағында Цукуба университетімен ынтымақтастық

15 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і ғылыми-зерттеу университеті ретінде әлемнің жоғары оқу орындарымен, институттарымен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылым және жоғары білім беру саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

2019 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Кампустағы Кампус" жобасының қатысушысы болып табылады. Цукуба университеті мен ҚазҰУ арасындағы меморандумға  жетекші жоғары оқу орнының базасында өткен QS World University Rankings-2019 форумы аясында қол қойылды. Бұл жобаның мақсаты студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру болып табылады.

2024 жылғы 13-14 наурызда біздің университетке Цукуба университетінің (Жапония) делегациясы келді. Сапар барысында медицина институтының профессоры Kobayashi Yusuke, NipCA жобасының зерттеушісі Іnsebayeva Nafissa  және медицина және денсаулық ғылымдары мектебінің төрт студенті Tasaki Ayana, Yuki Mai, Kumakura Midori, Suzuki Honoka келді.

Сапар барысында делегация "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, "Керемет" клиникалық-диагностикалық орталығына барды, сондай-ақ қонақтар қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын даярлаудың негізгі клиникалық базасы болып табылатын ҚР ДСМ ДСҰО "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығына" барды.

ҚДСЖМ-ң эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығының студенттері делегациямен кездескен семинарда денсаулық сақтау саласында тәжірибе, білім алмасты. Кафедра доценті Г. М. Усатаева "Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау" презентациясын өткізді, өз тарапынан Цукуба университетінің делегациясы "Қазақстан мен Жапониядағы Қоғамдық денсаулық сақтау жағдайы мен мәселелері" атты таныстыру дәрісін өткізді.