САЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРІМЕН ӨТКЕН ҚОНАҚ ДӘРІС

15 наурыз, 2024

2024 жылдың 13 наурызында сағат 13:00-де Тұрақты дамудың 8-ші мақсаты «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» аясында Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Сүйенбаева Гульвира Муханбаевна және «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Керімбек Ғалымжан Есқараұлымен бірге 3 курс студенттерінің қатысуымен «Кәсіпкерлікке салық салу» пәнінен «Кәсіпкерлік қызметке салық салудың ерекшеліктері» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Дәрісте Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексі бойынша кәсіпкерлік қызметке салық салудың ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру, салық саясатындағы заманауи жаңашылдықтар, арнаулы салық режимі бойынша өзгерістер мен толықтырулар қарастырылды.

Білім алушылар тарапынан көптеген өзекті мәселелер бойынша келесі сұрақтар қойылды: жеке кәсіпкерлікке берілетін салықтық жеңілдіктер, бөлшек сауда салығының артықшылықтары, салықтық әкімгершілікті толық цифрландырудың қажеттілігі, кәсіпкерліктің пайдалы жақтары.

Қонақ дәріс білім алушылар үшін өте пайдалы болды. Теориялық білімді кәсіби тәжірибелі маманмен сабақтастыра ұштастыру білім алушының қызығушылығы мен ынтасын арттырды.

@bostan.salyq.kz