МОТИВАЦИЯЛЫҚ ДӘРІС

15 наурыз, 2024

2024 жылғы 14 наурызда ТДМ 4 – «Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру»бағытын қамту негізінде "Бизнес технологиялар" кафедрасында қонақ дәрісі өткізілді. Дәрісті "Элит Строй" құрылыс компаниясындағы жобалар мен экономиканы дамыту жөніндегі директоры, Болашақ бағдарламасының стипендиаты, 1 дан дзюдо, Ironman 70.3, саяхатшы және инвестор Маукенов Дарын Болатұлы «Қаржы сауаттылығы жетістіктің кепілі» тақырыбында «Маркетинг» және «Логистика» мамандығының студенттеріне өткізді. 

​Студенттерге танымдылығы жоғары, мотивацияға толы дәріс болды. Өте қызықты өтті, студенттер сұрақтарына жауаптарын алды.

​Дәрісті ұйымдастырғандар кафедра меңгерушісі З. Б. Ахметова, доцент Р.Б. Сартова және оқытушылар Л. М. Ибраева, Н.М. Турлыбекова, М.Б. Чемирбаева.