«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын танымалдандыру және оның ережелерін ілгерілету» тақырыбында дәріс

13 наурыз, 2024

2024 жылдың 13 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына арналған 17 ТДМ аясында, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамыту тұжырымдамасын ілгерілету бойынша «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын танымалдандыру және оның ережелерін ілгерілету» тақырыбында дәріс өтті. Дәріскер ретінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының бас сарапшысы, PhD доктор Руслан Қайратұлы Ибраев сөз сөйледі. Дәріс екі бөліктен тұрды: 1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне дейінгі жол қарастырылды. 2. Съездің іргелі құжаттары, оның құрылымы және институттары жайлы түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты Съезді одан әрі дамыту және оның қазіргі әлемдегі дінаралық диалог пен ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі туралы көзқарасты ұсыну, сондай-ақ өзгермелі әлемдегі Съездің миссиясы мен мақсаттарын аудиторияға жеткізу болып табылады. Іс-шараға қатысқан дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары мен студенттері пайдалы ақпаратты зейін қоя тыңдап, сұрақтар қойып, өздерінің ғылым жолында ойландыратын мәселелерімен бөлісті.