«6В04103 - Экономика» мамандығының 4-курс студенттері Өндірістік практикадан өтуде.

15 наурыз, 2024

«Сапалы білім беру» ТДМ-ның 4-ші мақсатына сәйкес жоғары оқу орнындағы студенттер практикалық тәжірибелерін шыңдау, кәсіби қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру үшін 22.01.2024 ж. - 16.03.2024. (8 апта) аралығында «6В04103 - Экономика» мамандығының 4-курс студенттері Өндірістік практикадан өтуде.  Алматы қаласының ЖШС “ТрансэкспрессТН”, ЖШС «NJA Construction», Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты, ЖШС “Гелиос”, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі, АҚ “Отбасы банк», ҚР Ұлттық банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігі, ЖШС «Скиф Трейд», ЖШС “АлемАгро Холдингз” ұйымдарында өндірістік практикадан өтуде. Практика өту барысын қадағалау және практика орнындағы жетекшілермен пікір алмасу, студенттердің практикалық дағдыларын көру мақсатында университеттегі практика жетекшісі, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Г.К.Иляшова Алматы қаласы бойынша практика орындарына барып мониторинг жұмысын жүргізді.