"Ұлттық киім – Ұрпаққа мұра" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты

15 наурыз, 2024

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Сіздерді наурыз айының 18 күні, сағат 11.50-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінде, 131 аудиторияда өтетін "Ұлттық киім – Ұрпаққа мұра" тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қатысуға шақырамыз. Бұл шара ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттау, сондай-ақ студенттер арасында ұлттық сана-сезімді нығайту мақсатында ұйымдастырылады.

Іс-шара барысында қазақ халқының киім мәдениеті, ұлттық киімдердің әр түрлілігі және олардың тарихы туралы баяндамалар тыңдалады. Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық киімдердің заманауи дизайны мен олардың қоғамдағы рөлі туралы талқылауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, бұл шара ұлттық мәдениетіміздің байлығын бірге танып-білу және құрметтеу үшін тамаша мүмкіндік.

Біз сіздердің қатысуларыңызды асыға күтетін боламыз және бұл шара әрқайсымыз үшін рухани байытуға және ұлттық мұрамызға деген мақтаныш сезімін нығайтуға септігін тигізетініне сенімдіміз.
 

Химиялық физика және материалтану кафедрасы