Республикалық пәндік олимпиада

2 ақпан, 2024

Тұрақты даму мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебінде 02.02.24 ж. сапалы білім беру мақсатында Республикалық пәндік олимпиаданың марапаттау рәсімі өткізілді. Мектепішілік олимпиадаға 180 оқушы қатысып, оның 100-і жүлделі орынға ие болды. Мектепішілік олимпиададан аудандық олимпиадаға 57 оқушы өтті. Қалалық олимпиадаға екі оқушы қатысып, бір оқушы Ермұханұлы Нұрмұхаммед тарих пәнінен бірінші орынды иеленді. Ал қалалық ғылыми жоба бойынша 3 оқушы жүлделі орынға ие болды. Бейіндік мектеп оқушыларын жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз.