Кәсіби бағдар бойынша жұмыс

16 наурыз, 2024

       2024жылы 13-ші наурыз күні,кәсіби бағдардың берілген тапсырмасы бойынша,Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының № 1 мектеп лицейінің быйылғы орта білім бітіретін 11-ші сынып оқушыларына арнайы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлыттық университетін,шығыстану факультетін,сонымен қатар қытайтану кафедрасын таныстыру арқылы кездесу жұмыстары жүргізілді. Кездесу Ұзынағаш ауылындағы № 1 мектеп лицейінің 11а сыныбның 15 оқушысына,11ә сыныбының 24 оқушысына,11б сыныбының 24 оқушысына және 11в сыныбының 25 оқушысына сынып бойынша жеке өткізілді. Кездесуде шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының қысқаша тарихы таныстырылды,сонымен қатар қытайтану кафедрасының мамандықтары бойынша ақпараттар берілді. Соңында қос диплом бағдарламасы бойыншада қосымша ақпараттар айтылды. Бұл кездесу жалпы оқушылардың қызығушылықтарын көтерумен қаттар жоспар бойынша сәтті аяқталды.