Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысын өткізд
Күн мен түннің теңеліп, жер арқасы кеңейіп, тіршіліктің қайта түлейтін Наурыз айын бәріміз асыға күтеміз. Күннің жылуымен басталған Наурыз айы биыл айлардың сұлтаны Қасиетті Рамазан айымен де тұспа тұс келгені жақсылықтың нышаны. Сонымен қатар, биылғы Наурызымыз Президенттің бастамасымен жаңа форматта өтіп, әрбір он күндік мереке терең мәнге ие болды. 14 наурыз «Көрісу күнімен» басталған мерекеміз Атыраудағы Үшінші құрылтаймен жалғасты. Бұл құрылтайда Президентіміз мемлекеттің тіл, ұттық бірегейлік, жастарды кітапқа баулу, денсаулық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баспана және тағы да басқа елдің көкейінде жүрген көптеген мәселелерді қозғап, баяндама жасады. Президентіміздің бұл жолғы баяндамасында Құрылтайдың алдағы уақытта да ел мәселесін шешуге арналған жиын болатынын басып айтты. Халықтың береке-бірлігін сақтай отырып, ұлттық құндылығымыз болып табылатын тарихымызды дәріптеп, ұлттық құндылығымызды жастардың бойына сіңіруге шақырды. Бұл ретте кітапхана мәселесі де айтылып, халық үшін кітаптың қол жетімді болып, тәулік бойы қызмет көрсететін заманауи кітапханалардың жоспарлануы жастардың шығармашылықпен айналысып, білімін ұштауына көптеген жақсы мүмкіндіктер берер еді. Бұл бастамалар Қазақ Ұлттық Университеті оқытушы-профессорлық құрамының алдында да жаңа мақсат пен міндеттер қойып отырғаны сөзсіз.
Қиыр Шығыс кафедрасы