ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

17 наурыз, 2024
  • Жансейіт Түймебаев шығыстану факультетіндегі хинди бөлімінің ашылғанына 25 жыл толуына арналған  «Үндістан және Еуразия елдеріндегі үндітану зерттеулерінің бүгіні мен келешегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, сөз сөйледі. 
  • Оқу ордасының басшысы география және табиғатты пайдалану факультетіндегі Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану ғылыми  орталығының ашылуға дайындық барысын тексерді.
  • Ректор оқытушы-профессорларды, қызметкерлерді және студенттерді Көрісу күні – Амал мерекесімен құттықтады. 
  • Жансейіт Түймебаев атынан ҚазҰУ ардагерлеріне және ғалымдар мен профессорларға ауызашар берілді.