Энергияны үнемдейік

17 наурыз, 2024

2024 жылғы наурыздың 15-ші наурызында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы «Энергияны үнемдейік» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы ТДМ-нің 7-ші мақсаты «Қымбат емес және таза энергия» және 12-ші мақсаты «Жалпы тұтыну және өндіріс» мәселерін қамтыды. Әлемдік экономикаға энергия тұтыну мөлшері мен статистакасы қалай әсер ететіндігі ашып көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстанның энергия тұтынуға қатысты қабылданған жобалары аталып өтілді. Студенттерге қарапайым, күнделікті өмірде энергияны үнемдеу маңыздылығы айтылып, соған іс-шаралар ұсынылды.

Энергияның маңыздылығын түсініп, оны тиімді пайдалану болашағымызға оң  әсерін тигізбек!