ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркіне Иранның ғылым, зерттеулер және технология Вице-министрі Доктор Ахмади бастаған Иран делегациясы ат басын бұрды

30 шілде, 2015

Иран Ислам Республикасының құрметті қонақтары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркіне ат басын бұрды. Технопарк өзінің «брендтік» өнімдері мен әзірлемелері, жобалары мен әр түрлі салалардағы ғылыми-технологиялық жетістіктерін көрсетті.

Делегациямен кездесу барысында қазақстандық және ирандық ғылыми ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту, сонымен бірге, болашақта бірлескен зерттеулерді өткізу секілді сұрақтар талқыланды.

Иран делегациясының құрамында министрліктер мен мекеме өкілдері, мемлекеттік ұйым өкілдері, сонымен қатар, 35 аса компанияның жетекшілері болды. Делегацияны Иранның ғылым, зерттеулер және технология Вице-министрі Доктор Ахмади, Иранның ғылым, зерттеулер және технология Вице-министрі – ғылым, зерттеулер және технология Министрлігінің ғылыми-технологиялық парктер Директоры Хосро Пири және Хорасан облысының губернаторы Рашидиани Вахид бастап барды.

Кездесу Қазақстан-Иран іскерлік форумы аясында өтті, және бұл форумға Ғылыми-технологиялық паркі де қатысты.

Иран делегациясының келуінің қорытындысы ғалымдардың әзірлемелері мен жобаларына қызығушылық танытуы болып табылады.

Ғылыми-технологиялық парк