- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ғылыми-технологиялық паркі қызметкерлері «Пегас-2015» IV Халықаралық Жастардың жобаларды басқару мектебінің жеңізпаздары атанды
Ғылыми-технологиялық паркі қызметкерлері «Пегас-2015» IV Халықаралық Жастардың жобаларды басқару мектебінің жеңізпаздары атанды
30 маусым - 5 шілде аралығында «БелГУ» ҒЗУ-не қатысты «Нежеголь» демалыс базасында (РФ, Белгород облысы, Шебекин ауданы) жыл сайынғы жастардың IV Халықаралық «Пегас-2015» жобаларды басқару мектебі болып өтті. Бұл іс-шара инновациялық бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді, азаматтық және қоғамдық жобаларды құру барысында дарынды жастарды қолдау мен дамытуға арналған жүйелі алаң болып табылады.
Мектептің ұйымдастырушылары ретінде Федералды автономды жоғарғы кәсіби білім беру мекемесі «Белгородтық мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті» («БелГУ» ҒЗУ) және ТМД-ға қатысушы-елдерінің гуманитарлық ынтымақтасу мемлекетаралық қорының қолдауымен өткізілді, сонымен қатар, «БелГУ» ҒЗУ-де студенттік бірлестіктердің қызметін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында болды.
Осы жобаларды басқару Мектебінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркін 4 қызметкер таныстырды: Ақтымбаева Әлия Сағындыққызы – директордың ғылыми сұрақтары жөніндегі орынбасары (сарапшы ретінде), Нұрұлы Елдар – жобалар бойынша менеджері, Ерланұлы Ерасыл және Узбеков Нұрсұлтан Шалаханұлы – ғылыми қызметкерлер.
Мектептің негізгі қатысушылары Ресейден, Қазақстаннан, Тәжікстаннан, Украинадан және Сербиядан келген студенттер, магистранттар, аспиранттар, жас ғалымдар мен оқытушылар болды. 2015 жылғы Мектептің негізгі тақырыбы ретінде – жастар кәсіпкерлігі танылды.
Мектепке қатысудың шарты ретінде жобалық немесе бизнес-идеяның болуы талап етілді. Барлық жіберілген өтінімдердің ішінен әлеуметтік, технологиялық және кәсіпкерлік бағытта жобалары бар 101 қатысушы іріктелініп алынды.
«Пегас-2015» Мектебінің бағдарламасы өзіне: шеберлік сабақтарын, семинарларды, тренингтерді, іскерлік ойындарды, форсайт- және инвестициялық сессияларды, сарапшылар мен бизнесмендермен кездесулер мен кеңес алуларды, қызықты адамдармен, билік және басқару органдарының жетекшілерімен, кәсіпорындар мен түрлі меншік түрлері ұйымдарының өкілдерімен кездесулерді, спорттық және мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын қамтыды. Сабақтарды «БелГУ» ҒЗУ-нің жобаларды басқару, менеджмент, маркетинг және экономика облыстарындағы жетекші оқытушылары мен еуропалық университеттердегі серіктестері жүргізді. Сарапшылар ретінде Ресейдің жетекші мамандары және Белгород облысының ірі кәсіпорын басшылары болды.
Жобаларды қорғау нәтижелері бойынша сыртқы сарапшылар 3 номинация бойынша 100 аса жобалар ішінен 12 үздік жұмысты таңдап алды, ал олардың авторлары грамоталар мен жүлделерге ие болды. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркі» өкілдері арасынан «Бизнес-жоба» номинациясында Ерланұлы Ерасыл 2 жүлделі орынды, ал Нұрұлы Елдар 3 жүлделі орынға ие болды.
Жеңімпаздар «БелГУ» ҒЗУ ректоры Олег Полухиннің қолынан грамоталар табысталды.
«ПЕГАС» жобаларды басқару мектебі жылдан жылға өзінің географиясын кеңейтуде және сол арқылы әлемнің түрлі бұрыштарынан жобаларды басқарудың жас көшбасшыларын біріктіреді.
Ғылыми-технологиялық парк