«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында мәдени іс-шара

19 наурыз, 2024

2024 жылдың 18 наурыз күн «Наурызнама» тұжырымдамасы және 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттары, соның ішінде 16-мақсат: «Тұрақты даму мақсатында бейбітшіл және ашық қоғамды құруға жәрдемдесу» аясында Наурыз мейрамын атап өту мақсатында ЭжБ ЖМ «Есеп және аудит» мамандығының 3-курс студенттері және «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары Б.Б. Султанова, А.З. Арыстамбаева және Ж.З. Оралбаеваның ұйымдастырумын мәдени іс-шара өткізілді. Аталған шараға «Есеп және аудит» мамандығының 1 және 2 курс студенттері қатысты.

Іс-шарада жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал ететін «Шаңырақ күні», «Ұлттық киім күні» және «Ұлттық спорт күні» тақырыптары қамтылды.

Өткізілген мәдени іс-шара жас ұрпақты тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қойып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік, білімқұмарлық пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға сеп болады.