"Университеттен мектепке"

14 наурыз, 2024

2024 жылдың 14 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Н.С.Әлқожаева, доценттер Қ.Ш.Молдасан және А.М.Текесбаеваның жетекшілігімен Амал мерекесіне орай «Университеттен мектепке» тақырыбындағы алғашқы іс-шаралар кешені КММ №79 гимназияда сәтті өтті.

Оқушылармен кездесу - мектеп пен ЖОО байланысын нығайту және қолдау жолындағы қадамдардың бірі. Табысты білім беру үдерісі мен білім алушылардың дамуының негізгі аспектісі болып табылатын сабақтастық деп білеміз.

Кездесу барысында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары мен магистранттары гимназия оқушыларымен "Тиімді оқыту дегеніміз не?", «Бүгін нені және қалай оқу керек?, «Неге білім беру мекемелерінде барлық оқушылар үшін тең жағдайлар жасалуы тиіс» тақырыптарында тілдесті.

Нәтижесінде мектеп пен ЖОО арасында жағымды, интербелсенді диалог орнатылды. Мұндай пікірталастар мектеп оқушыларына өмір жолын таңдауда өздерін сенімді сезінуге көмектеседі, ал жоғары оқу орындары үшін жалпы білім беретін мектептердің тыныс-тіршілігін, қажеттіліктері мен міндеттерін түсінуге септігін тигізеді.