Түрксой кафедрасының 4-курс студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан өндірістік тәжірибеден өтті

19 наурыз, 2024

2024 жылғы 22 қаңтар-16 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті арасындағы келісім шарт негізіндегі оқу жоспарына сәйкес Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының «Шығыстану», «Шетел филологиясы», «Аударма ісі» мамандықтары  бойынша 4-курстың 15 студенті кітапхана базасында өндірістік тәжірибеден өтті.

2024 жылғы 15 наурызда студенттер кәсіби өндірістік тәжірибені қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Қорғау барысында студенттер өз жұмыстарының презентациясын көрсетіп, өндірістік тәжірибені сапалы ұйымдастырғаны үшін ҚР Ұлттық кітапханасы әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы студенттерге ақ жол тілеп, ізгі тілегін жеткізді, ұсынылған сауалдарға жауап бердіҚызмет жетекшілері жұмыс орындарында кәсіби міндеттерін жақсы атқарған студенттерге  жоғары баға берді.

аға оқытушы Н.М.Шуиншина Мета