Жұмыс берушімен қонақ дәрісі

19 наурыз, 2024

Тұрақты дамудың 7 мақсаты «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» аясында «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушылары, экономика ғылымдарының кандидаттары Касенова Г.Е. және Асилова А.А. «Қаржы» мамандығының қазақ және орыс бөлімдерінің бітіруші 4 курс студенттеріне жұмыс берушімен қонақтық дәріс ұйымдастырды.
Қонақтық дәрістің спикері, «Меридиан» және «ASDECOR» компанияларының негізін қалаушы және бас директоры Оспанова Жайна Жұмағұлқызы. Қонақтық дәрістің тақырыбы: «Арманыңды бізбен бірге жаса».
Жұмыс беруші «Меридиан» және «ASDECOR» компаниялары және оның қажеттілігі туралы келесілерді айтты: үнемі өз білімін жинақтау және жетілдіру; оқудағы және еңбектегі кедергілерді жеңу; шығыс және кіріс энергияны, ойларды алмастыру, алмасудың бұзылуы бизнестің бұзылуына әкеледі. Сондай-ақ спикер әр тұлға өз мақсаттарын дұрыс тұжырымдауының маңыздылығын түсіндіріп, мақсатқа жетудің бірнеше әдістерін көрсетті.
Келесі кезекте спикер қатысып отырған студенттердің тұлғалық типтерін және олардың негізгі мінез-құлық түрлерін анықтады. Жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау кезінде ең алдымен адамдардың мінез-құлық түрлерін ескереді.
Кездесу соңында спикер «Меридиан» және «ASDECOR» компанияларында бар бос жұмыс орындарын көрсетті, олар: қаржы менеджері, қаржылық талдаушы, бухгалтер және сату жөніндегі менеджер.
Жалпы, кездесу өте нәтижелі өтті, студенттер көптеген қызықты ақпараттар алды, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері болды, ал ең белсенді студенттер ASDECOR компаниясының фирмалық сыйлықтарымен марапатталды.
«Қаржы және есеп» кафедрасы және «Қаржы» мамандығының студенттері спикер Ж.Ж. Оспановаға пайдалы және қызықты қонақтық дәрісі үшін алғыс білдіреді.