Людмила Яковлева мен Темірлан Әбдірайымов – Әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегерлері!

18 наурыз, 2024

Людмила Яковлева мен Темірлан Әбдірайымов – Әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегерлері! «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенттері, ҚР ұлттық құрамы мүшелері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Каирде (Египет) заманауи бессайыс бойынша Әлем кубогында 2 орын (аралас) иеленді, жарысқа 45 елден 100-ден астам үздік бессайысшылар қатысты. Дене шынықтыру және спорт кафедрасы студенттерімізді шын жүректен құттықтайды!