БОКС

20 наурыз, 2024

Құрметті студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спортклубы сіздерді университетіміздің дәстүрлі көктемгі бокс біріншілігіне шақырады. Бұл жарыс ҚазҰУ студенттерінің арасында өткізіледі және әрбір қатысушыға өз күшін сынауға тамаша мүмкіндік береді.

Жарыс туралы мәлімет:

                •             Орын: ҚазҰУ спорткомплексі, бокс залы.

                •             Күні: 2024 жылдың 15-19 сәуір аралығы.

                •             Салмақ өлшеу: 15 сәуір, сағат 16:00 - 17:30.

Қатысу шарттары:

                •             Жарысқа тек ҚазҰУ студенттері қатыса алады.

                •             Қатысушылар өздерімен бірге жеке куәлік, бас миының магнитті-резонанстық томографиясы (МРТ) және сақтандыру полисін алып келулері керек.

Салмақ дәрежелері:

                •             Ұлдар: 48, 51, 54, 57, 60, 63.5, 67, 71, 75, 80, 86, 92, +92 кг.

                •             Қыздар: 50, 54, 57, 60, 66, 70 кг.

Жарыс барысында әділ бағалау және спорттық рухты қолдау мақсатында тәжірибелі төрешілер құрамы жұмыс істейді. Біздің бас төрешіміз - Сайдағали Демежан Серікбосынұлы, оның басшылығымен жарыс жоғары деңгейде өткізіледі.

Бұл біріншілікте сіздердің қатысуларыңыз бен қолдауларыңызды күтеміз! Спорттық шеберліктеріңізді көрсетіп, жарқын жеңістерге жетулеріңізге тілектеспіз.

Сұрақтарыңыз болса, университеттің спортклубына хабарласыңыз

Спортклуб

 

Басқа жаңалықтар