«Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу»

26 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қазақ филологиясы» мамандығының 402-тобы және кураторы Сымбат Игілікқызымен 26 ақпан күні ЦУР-13 бағыты бойынша «Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде «климаттың өзгеруіне не себеп? климаттың өзгеруіне байланысты туындаған қиын жағдайларда қандай шаралар жасау керек?» сынды тақырыптар көтерілді. Топ кураторы Игілікқызы Сымбат студенттерге танымдық ақпараттар көрсетіп, тақырып аясында сөз қозғады. Студенттер арасынан Қоңырбайқызы Айғаным, Жанболат Батыл, Ділдәбек Дімұхаммед, Еркімбек Аяулым да өз ойларын білдіріп, климаттың шұғыл өзгеруінің алдын алуға ұсыныстар білдірді.