Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ

20 наурыз, 2024

Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді. «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген сөздері көп жағдайды аңғартатыныанық.Табиғат –бізді қоршаған орта.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді. Ал,табиғатты қорғау дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суынбүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау. ТДМ 13-Климаттың өзгеруімен күрес, ТДМ 14-Теңіз экожүйелерін сақтау, ТДМ 15- Құрлық экожүйелерін сақтау аясында ұйымдастырылған "Пластик Жинаңыз"  атты ұранмен дайындалған  Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасның «Цифрлық экономика» ББ 1 курс студенттері эдвайзері Е.М.Жоламанов жетекшілігімен ұйымдастырылған шара.

Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы есігі, қуатты қонысымен өсіп — өнер мекені. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы.Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында.