"Көктемнің 17 сәті" акциясы

21 наурыз, 2024

2024 жылдың 20 наурызы күні “Көктемнің 17 сәті" атты жалпыуниверситеттік акцияға сәйкес ТДМ 9. "Тұрақты қалалар және елді мекендер" бойынша  “Green Campus”жобасын  "Қаржы" мамандығының 3-курс студенттері эдвайзері Г.И. Супугалиеваның  жетекшілігімен кафедраның жасыл бұрышын жаңарту мақсатында іс-шара өткізді.

Green Campus жобасы қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін насихаттау және университеттің экологиялық тұрақтылығын дамыту мақсатына бағытталған. Та­биғатқа адал болу керек, ал адалдық табиғат үйлесіміндегі қатынастардың шынайылығы мен табиғилығын айқындайтын категория екені сөзсіз. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау біздің міндетіміз, болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Осы орайда көктемнің келуімен жыл сайын  "Қаржы және есеп" кафедрасының жасыл бұрышына үй гүлдерін егіп, жаңартып, ауаның тазаруына және гүл өсімдіктерінің көңілге қуаныш сыйлауына студенттер ат салысты.