Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіне бару

24 наурыз, 2024

«Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаттарына орай 2024 жылдың 7-наурызында «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1 курс студенттері куратор-эдвайзер Г.А. Арыновамен бірге «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіне» барды. Музейдің негізгі залдары: «Палеонтология және археология», «Тарихи-этнография», «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан». Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам құнды бұйымдар бар. Студенттер барлық залдарды толық аралап, тарихи бұйымдарды  қызығушылықпен қарап шықты.  Студенттерге музей қатты ұнады, еліміздің терең тарихын білу міндет болып табылады.