Ұлттық спорт күні

20 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спортклубы мен дене шынықтыру және спорт кафедрасы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлау үшін 20 наурызда ұлттық спорт күніне арналған ерекше спорттық іс-шара өткізді. Бұл күні қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлері атап өтілді, ал ұлттық спорт түрлері арқылы студенттердің рухы шыңдалды.

Мереке қарсаңында спортклубпен дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұжымы қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күрес, асық және бес тас сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырды. Студенттер бұл шараға белсенділікпен қатысып, өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті.