ҚазҰУ-да «Суды үнемде» акциясы қарқын алды

25 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер арасында «Суды үнемде» әлеуметтік жобасы зор қолдауға ие болды.

Экологиялық акцияның алғашқы күні әлеуметтік желіде  түрлі форматтағы 20 дан астам бейнеролик жарық көрді. 

Мұндағы мақсат – тұрақты даму мақсаттарының №6 – «Таза су және санитария»  бағытын жүзеге асыру.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін» деп атап өтті.

Сондай-ақ ішкі су ресурстарын үнемдеп, суды шақтап пайдалану мәдениетін қалыптастыруды тапсырған болатын.

Студенттер акция барысында жатақханаларда, оқу корпустарында және тұрмыстық бөлмелерді суды ысырап етпеу жолдарын насихаттауда. Әлеуметтік жобалардың бастамашысы – Стратегиялық даму департаменті, Пан Ги Мун орталығы және халықаралық рейтинг талаптарының орындалуын қадағалаушы жұмыс тобы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі