«Рухани кемелденген адамның тарихи сабақтастықтағы сипаты адалдық» тақырыбында ашық  ашық тәрбие сағаты

15 наурыз, 2024

 

 

15.03.2024 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің 1-курс докторанты, аға оқытушы Мейрманов Аманжол Досжанұлы педогогикалық практика аясында, филология факультетінің 328 аудиториясында 1 курс магистранттарына  «Рухани кемелденген адамның тарихи сабақтастықтағы сипаты адалдық» тақырыбында ашық  ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сабағының  мақсаты: жастардың сапалы білімге деген құштарлығын оятып, рухани тәрбие беру. Докторант А.Д. Мейрманов өзінің кәсіби дағдысы және мазмұнды материалдардың негізінде, ашық тәрбие сағатын жоғары деңгейде өткізді. Магистранттарға ашық тәрбие сағаты материалдарын презентация күйінде ұсынды. Ашық тәрбие сағатында магистранттар тақырып ауқымындағы маңызды ақпараттарды алды.  Докторант аудиториямен шығармашылық деңгейде байланыс орнатып, магистранттарды тақырыптың өзекті мәселелеріне қызықтыра отырып, екі-жақты сұхбат орнатты. Сабақ магистранттардың қызығушылығын оятты және жан-жақты мағлұмат берілді. Сабаққа педпрактика жетекшісі ф.ғ.д., профессор Берік Мұратұлы Аташ және п.ғ.д. Анар Бекетбайқызы Мукашева қатысып, пікірлерін айтып, жоғары бағалады. Бұл іс-шара жас ғалымдар үшін өте пайдалы болды.