«Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша халық табысының дифференциациясы» - дөңгелек үстел

25 наурыз, 2024

2024 жылдың 18 наурыз күні «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Иляшова Г.К. «Еңбек экономикасы» пәні шеңберінде ТДМ-ның 8-ші мақсатына сәйкес «Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша халық табысының дифференциациясы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға қатысушылар өңірлердегі кірістердің айырмашылығына әсер ететін көптеген аспектілерді талқылады, соның ішінде ЖІӨ, өндірістік әлеует, әлеуметтік жағдай және елдің әртүрлі аймақтарындағы жұмыс күші сынды көрсеткіштер басымды болды. Теңсіздіктерді жоюға және халықтың әлсіз топтарын қолдауға бағытталған әртүрлі бағдарламалар мен бастамалар қарастырылды. Іс-шара Қазақстанның түрлі өңірлерінің алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлерді терең түсінуге ықпал етті және осы проблемаларды шешудің ықтимал жолдарын талқылауды ынталандырды.