Ұлттық киім күніне орай шара

25 наурыз, 2024

18.03.2024 жылы  "Менеджмент" кафедрасы Ұлттық киім күніне  орай шара өткізді:                                                                                                  Ұлт рухының шағылысы. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады.

Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.  "Менеджмент" кафедрасының оқытушы профессорлық құрамы және студенттері ұлттық киімді дәріптеу мақсатында ұлттық киімде келді. Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетті сақтауға және насихаттауға мол септігін тигізіп, халық мұрасының маңыздылығын еске түсіріп, бірлігімізді арттыра түседі деген үміт бар.