ХИНДИ БӨЛІМІНІҢ МАГИСТРАНТТАРЫ ПУСАН ШЕТ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

26 наурыз, 2024

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімінің (хинди) магистранттары ғылыми-зерттеу тәжірибесі аясында Оңтүстік Кореяның Пусан шет тілдері университетінің «үндітану зерттеулері» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтуде (https://www.bufs.ac.kr/). Аталған университеттің «үндітану зерттеулері» кафедрасының меңгерушісі, үндітанушы ғалым  PhD Др. Иеон Ву Сонның жылы қабылдауымен Зарина Абильмажинова, Тоғжан Урумова өздерінің магистрлық диссертация тақырыптары бойынша Пусан шет тілдері университетінің кітапханасында жұмыс жасап, корейлік үндітанушылардың кеңестерін алып жатыр. Тағылымдама 2024 жылдың 18-28 наурыз аралығы уақытын қамтиды. 
Шығыстанудың аясы сол тілді оқитын елмен ғана шектелмейтіндігінің дәлелі ретінде, қазақстандық үндітанушылар Корей еліндегі үндітанушы әріптестердің ортасында өз тәжірбиелерін шыңдау үстінде.