- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары Иран бейбітшілікті зерттеу ғылыми қауымдастығының директорымен кездесті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары Иран бейбітшілікті зерттеу ғылыми қауымдастығының директорымен кездесті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары А.Ж. Боранбаева мен Ғ.Ә. Қамбарбекова Иран еліне іссапар барысында 2024 жыл 18 наурыз күні Алламе Табатабаи университетенің докторы, Иран бейбітшілікті зерттеу қауымдастығының директоры доктор М. Тишеяр хамыммен кездесті. Доктор М. Тишеяр Орталық Азия мен Иран, Кавказ арасындағы халықаралық қатынастар бойынша маман ретінде аймақтағы бейбітшілік, тыныштық және мәдени байланыстар тақырыбын зерттейтін ғалым. Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің оқытушылары доктор М. Тишеяр ханым басқарып отырған Иран бейбітшілікті зерттеу қауымдастығымен арадағы болашақ әріптестіктер мен ортақ ғылыми жобалар туралы пікір алмасты. Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің оқытушылары жуырда жарық көрген Парсыша-қазақша фразеологиялық сөздікті доктор М. Тишеярға тарту етті. Доктор М. Тишеяр да өз тарапынан Н. Фазили атты автордың Наурыз невешт (Наурыз жазды) атты кітапты сыйға тартты. Сонымен қатар М.Тишеяр өзі басқарып отырған қауымдастықтың ұсынысы ретінде Алматы қаласының мәдениеті мен тарихына арналған мәдени шара өткізуді жоспарлайтынын айтты. Алдағы уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің оқытушылары мен Иран бейбітшілікті зерттеу қауымдастығының арасындағы әріптестік нығая түседі және бірлескен ғылыми жобалар жасалады деп күтіледі.