- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары Иранның Мехр ақпараттык агенттігіне сұхбат берді
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары Иранның Мехр ақпараттык агенттігіне сұхбат берді
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары А.Ж. Боранбаева мен Ғ.Ә. Қамбарбекова Иран еліне 2024 жыл 14-21 наурыз аралығында барған іссапары барысында Иран Ислам Республикасының Мехр ақпараттык агенттігіне сұхбат берді. А.Ж. Боранбаева өз сұхбатында Наурыздың Қазақстанда ресми мереке ретінде еркеше тойланатынын айта келіп, ирандықтар мен қазақтардың бұл мерекені тойлау рәсімдерінде көптеген ұқсастықтар бар екенін, атап айтқанда қазақтар үшін де 7 санының қасиетті екені, сондықтан Наурызда 7 түрлі дәннен арнайы тағам дайындалатынын, қазақтарда Наурызда көрісу рәсімі барлығын, жаңа жылда ескі өкпе-реніштерді ұмытуға тырысатынын айтты. Ғ.Ә. Қамбарбекова өз сұхбатында Қазан революциясына дейін Орталық Азиядағы медреселерде парсы тілі араб тілімен қатар оқытылғанын, алайда қазіргі таңда олардың орнын орыс тілі басқанын айтты. Ол Наурыз мерекесінің қысы суық Қазақстан үшін ерекше маңызы бар екенін, алты ай қыстан кейін көктемнің келуі қазақ халқына ерекше қуаныш әкелетінін, қазақ күнтізбесінде март айының наурыз деп аталатынын атап өтті. Ол сондай-ақ қазіргі кезде өзі жұмыс істейтін шығыстану факультетінде парсы тілінде оқитын студенттер санының өте аздығын және қазақ жастарының Иран елімен ортақ құндылықтарымыз бар екенін біле бермейтіндіктерін де айтып кетті.