- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының доценті ҚХР - Орта Азия елдерінің Мәдениет және туризм саласына арналған форумға қатысты
Қытайтану кафедрасының доценті ҚХР - Орта Азия елдерінің Мәдениет және туризм саласына арналған форумға қатысты
2024 жылдың 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласында ««Жібек жолы» Орта Азия мәдениет және туризм индустриясын дамыту» форумы өтті. (丝绸之路中亚文旅产业发展论坛). ҚХР - Орта Азия елдерінің Мәдениет және туризм саласына арналған форумы Алматыда бірінші рет өтіп жатыр. Шараны ұйымдастырушы Қазақстан, алайда ұсынысты қытайлықтар бастаған. Форумды ұйымдастырушылардың сөзінше, қазір әлем елдері қытайлық туристерді өзіне тартуды негізгі бағыттарының бірі ретінде жоспарлаған. Форумға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доценты Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы қатысып баяндама жасады. Керімбаев өзінің «Туризм саласы жаһандану жағдайындағы мәдениетаралық қарым-қатынастың бір бағыты» атты баяндамасында елімізге келетін туристерге қазақ мәдениетін кеңінен насихаттаудың маңызы мен жүзеге асыру жолдарын сөз етті. Форумға қатысушылар баяндамаға қатысты «Біз бұған дейін Қазақстанның материалдық мәдениетіне көбірек көңіл бөліп, рухани мәдениетін назардан тыс қалдырыппыз. ҚазҰУ-дың доцентінің баяндамасы бізге көп ой салып, көзқарасымызға бұрылыс жасады» деп өз бағаларын берді. https://todayinfo.kz/elge-twrist-tartwgha-berilgen-muemkindik-almatyda-qazaq-qytaj-forwmy-oetip-zhatyr/