ІТ мамандарын бірлесіп даярлайды

11 наурыз, 2024

Кездесуге оқу ордасының басшылығы, оқытушы-про­фес­сорлар құрамы, жас ға­лымдар, университеттің Ғы­лыми кеңес мүшелері қа­тысты.

Көшбасшылық дәрісті уни­верситет басшысы Жан­сейіт Түймебаев құттықтау сөзбен ашып, арнайы ша­қыр­туды қабыл алып, уни­верситетке келгені үшін Хакан Окерге ризашылығын жеткізді.

«Хакан Окер – өте білімді, іскер азамат. Технология саласының дамуына айрық­ша үлес қосып, үлкен жетіс­тік­терге жетті. Қазіргі таңда Алматы халықаралық әуе­жайын кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Осы жұмыс­тар­дың барлығын TAV Airports холдингі атқаруда. Әуежай кеңейетін болса, онда жұмыс істейтін ма­ман­дардың саны артатыны анық. Сондықтан алдағы уа­қытта халықаралық әуежай басшылығымен бірлесіп IT, ин­женер, техник маман­да­рын бірлесіп даярлау бо­йын­ша келісімдер жүр­гі­зе­тін боламыз», – деді ректор.

Сөз соңында оқу ор­да­сының басшысы Жансейіт Түймебаев TAV Airports персонал жөніндегі ди­рек­торы Хакан Окерге Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің «Құр­метті докторы» атағын табыстады.

Құрметті мейман білім ор­да­сының басшылығы мен ұжы­мы­на жылы қабы­л­да­ғаны үшін алғыс білдіре оты­рып, TAV Airports Holding қызметімен та­ныс­тырды. Кездесу барысында дә­ріс­кер заманауи еңбек на­ры­ғын­дағы жағдай, білім мен ғы­лымның өзектілігі, техно­ло­гияны дамыту бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

«TAV Airports холдингі қазіргі таңда ІТ маман­да­ры­на көп кө­ңіл бөлуде. Алматы үшін әуе­жай­ды дамытуға бағыт­талған мәселелер өте маңызды. Өйт­ке­ні әуежай қаланың әуе қақ­пасы болып табылады. Мега­по­листің бо­лашақта дамуы әуежайдың жағдайына, оның ин­фрақұрылымына, сервис дең­гейі мен ыңғайлылығына тікелей байланысты. Бүгінде халықаралық әуежайда жолау­шы­ларға қызмет көрсететін жаңа терминалдың құрылысы жүріп жатыр. Болашақта жаңа терминалдың іске қосылуы жолаушыларды өткізу қабілетін жылына 7 миллионнан 14 мил­лион­ға дейін арттырады және қаланың бүкіл Орталық Азия­дағы транспорттық-логис­ти­ка­лық хабы ретіндегі позициясын нығайтады», – деді дәріскер.

Сондай-ақ Хакан Окер Ал­маты халықаралық әуежайы­ның даму перспективалары ту­ралы айтып, холдингтің бо­ла­шақтағы жұмыс жоспарын таныстырды.

Нұрсұлтан ЖЕКСЕНБАЕВ