Мейрамбек Байзақ: Азия кубогында намысты қолдан бермедік

5 ақпан, 2024

– Мейрамбек, жастар арасында өткен қол күресінен Азия кубогының жүлдесін ие­лендіңіз. Бұл байқау қайда өтті?

– 2023 жылғы армрестлинг­тен Азия кубогы Өзбекстанның Самар­қан қаласында өтті. Жарыстың жо­ғары деңгейде өт­кенін айтқым келеді. Жа­рыста Азия құрлығынан жи­нал­ған кіл мықтылар бақ сы­насты.

– Қарсыластарыңыз жайлы не айтар едіңіз?

– Менің қарсыластарым көр­шілес өзбек, қырғыз елінен болды. Сонымен қатар өз еліміздің де спорт­шылары бар. Әрине, ба­рын­ша намысты қол­дан бермеуге тырысып, күміс жүлдегер атанып қайттық.

– Байқауға дайындаған бапке­ріңіз бар шығар?

– Әлбетте, бапкерсіз бол­мас. Осы спортқа алғаш қадам бас­қан­нан алдымен жақсы спорт­шыдан бұрын, жақсы адам болу керектігін бойы­мыз­ға сіңірген ағайымыз Дәулет Тұрсынқұловқа ерекше ал­ғы­сым­ды білдіргім келеді. Уни­вер­си­тет қабырғасында өз біл­генімен бө­лісіп жүрген Лаура апайыма үлкен рақмет.

– Хоббиіңіз қандай?

– Хоббиім – табиғат аясында се­р­­уендеу, пайдалы подкастар тың­дау. Арасында бильярд ойнап тұ­ра­тынымыз бар.

– Физика-техникалық фа­куль­тетінің 4-курс сту­ден­тісіз. Мамандығы­ңызды қалауыңыз бойын­ша таңдадыңыз ба?

– Мамандық таңдауда басқа да нұсқалар болғанын жасыр­май­мын, бірақ дәл осы маман­дыққа түске­ні­ме еш өкінбеймін. Бұйыртса, ма­мандық бойынша жұмыс істеу ойда бар.

– ҚазҰУ туралы не айтар едіңіз?

– Университетім жайлы ой­ла­ғанда алғаш тілге тиек ететін нәрсе – көрсе көз тоймайтын жалынды жас­тарға толы әдемі қалашық, өзіндік «вайбы» бө­лек, креативке толы студенттік өмір және менің ал­тын дос­тарым. Универси­теті­міздің бі­лім беру деңгейі ауыз толты­рып айтарлықтай жоғары дең­гейде.

Сұхбаттасқан

Бағдат СҰЛТАН