Ұлттық киім — асыл мұрамыз

26 наурыз, 2024

 

"Әдебиеттану" мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Ұлттық киім— асыл мұрамыз" атты тәрбие сағаты өтті. "Қазақ әдебиеті және әдебиеттану" кафедрасының аға оқытушысы, эдвайзеріміз Ш. Шортанбай тобымызды наурыз мейрамымен құттықтап, ұлттық киімдеріміз туралы өз пікірін білдірді. Дөңгелек үстел барысында тобымызбен ақылдаса келе "Ұлттық киім тек наурыз айының айшығы болмауы керек, жыл он екі ай киіп, насихаттап жүреміз" деп шешім қабылдадық. Қорытындылай келе, қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жастарымыздың арасында кеңінен насихатталса екен дейміз.