- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Кредиттік ұтқырлық» 1-әрекеті бойынша өтініш қабылдаудың екінші кезеңі басталды.
«Кредиттік ұтқырлық» 1-әрекеті бойынша өтініш қабылдаудың екінші кезеңі басталды.
Халықаралық ынтымақтастық департаменті Эразмус + бағдарламасының аясында «Кредиттік ұтқырлық» 1-әрекеті бойынша өтініш қабылдаудың екінші кезеңі туралы хабарлайды.
Өтініш қабылдау мерзімі бағдарламаға бөлінген бюджет қаражатын толық жүзеге асыру мақсатында созылды.
Екінші кезеңде Қазақстан ЖОО да қатыса алады.
Осыған орай, сіздер келісім орнатқан серіктестеріңізбен және университеттермен хабарласып, Эразмус+ бағдарламасының аясында «Кредиттік ұтқырлық» 1-әрекетінің екінші кезеңіне қатысуға мүмкіндіктеріңіз бар.
Байқаудың екінші кезеңінде Орталық Азия, соның ішінде Қазақстанның жоғарғы оқу орындары Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Эстония, Франция, Германия, Ирландия, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Словения мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындарының жетекшілігімен байқауға қатыса алады.
Бағдарламаның екінші кезеңі 2015жылдың 24 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Толығырақ мәлімет үшін, келесі сілтемені басыңыз:
http://www.erasmusplus.kz/index.php/ru/new/item/42-77
http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/calls/201509-credit-mobility_en.htm
Құрметпен, ХЫД