№17 Тұрақты даму мақсаттары: Тұрақты даму үшін серіктестік. Воркшоп. Машиналық оқытудағы тректердің әртүрлілігі

26 наурыз, 2024

🌟 №17 Тұрақты даму мақсаты: Тұрақты даму үшін серіктестіктер семинарынан жаңалықтар 🌍

Біз «Тұрақты даму мақсаттары» бастамасы аясында ұйымдастырылған соңғы семинарымыз туралы маңызды ақпаратпен бөлісуге қуаныштымыз. Семинардың тақырыбы Machine Learning саласындағы тректердің әртүрлілігіне арналды.

🔊 Қатысушыларымыз осы саладағы білімі мен тәжірибесімен бөліскен спикер Нұрмұхаммед Әбеуовтің қызықты баяндамасын тыңдаудың бірегей мүмкіндігіне ие болды. Нұрмұхаммед, құнды нұсқауларыңыз үшін рахмет!

Семинарды Қазақстанның деректер мамандарының қауымдастығы мен Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы ұйымдастырды. Біз оларға осы іс-шараны өткізіп, ғылым мен технология саласында қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Бұл семинар тұрақты даму үшін серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір қадам болды. Жаңа мүмкіндіктерді бірге іздеп, бірге дами берейік!

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы