Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру

27 наурыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңЭкономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес технологиялары» кафедрасының студенттері ӘнуарбековаЖ.С., Браславская В.А. халықаралық ынтымақтастықаясында олар 2024 жылғы 21 наурызда «Жаратылыстанужәне экономиканың заманауи мәселелері» атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференцияны Прокопьевск қаласындағы КузМТУфилиалы (http://www.prk.kuzstu.ru/university/ ) өткізді.

Қатысушылардың жалпы саны Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Смоленск, Томск, Кемерово, Новокузнецк, Прокопьевск, Киселевск, Прокопьевск ауданының білім беру ұйымдарынан 144 адам болды.

Конференцияның қорытындысы: Браславская В.А. (2 орын), Әнуарбекова Ж.С. (3 орын).

Ғылыми жетекшілері п.ғ.к., профессор м.а. Ахметова З.Б., п.ғ.к., доцент Сартова Р.Б., магистрлер ТұрлыбековаН.М., Аликбаева А.Б. алғыс хаттармен марапатталды.