15 наурыз "Қайырымдылық күні"

27 наурыз, 2024

«Наурызнама» Қазақстандағы наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына байланысты 15 наурыз «Қайырымдылық күні» болып белгіленді және Тұрақты дамудың «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» 3 мақсатына сәйкес «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары, экономика ғылымдарының кандидаты А.С. Асилова мен Ғ.Е. Керімбектің ұйымдастыруымен «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері көмекке мұқтаж 2 отбасына қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бір отбасына қаржылай ақша аударып, екінші отбасынның жағдайын көріп, қаржылай және азық-түлікпен қамтамасыз етті